2012 жылдан бастап есептелетін индекстің төмендеуі бірінші рет байқалып отыр. 28 желтоқсандағы дерек бойынша тізімдегі 400 ауқатты адамның байлығы 3,9 трлн доллар болған. Бұл АҚШ, Қытай және Жапонияны есепке алмасақ, әлемдегі кез келген мемлекеттің ЖІӨ-сінен асып жығылады.
Миллиардер рейтингісінің басында былтырдан бері Microsoft негізін салушы Билл Гейтс тұр. Оның байлығы 83,6 млрд доллар. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 3 млрд долларға «кедейленіп» қалған.