Әлемнің ең бай спортшылары

АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жыл сайын Forbes журналы белгілі адамдардың табысын санамалап түрлі рейтингтер жариялап отырады. Ендігі кезек спортшыларға келіп жеткен секілді, деп жазады 24smi.org.

1.Тайгер Вудс

Әлемдегі ең бай спортшылардың көшін АҚШ гольфшісі Тайгер Вудс бастап тұр, оның жылдық табысы - $ 78,1 млн.

2. Роджер Федерер

Аты аңызға айналған швейцариялық теннисшінің тапқан $71,5 млн. оны рейтингте екінші орынға шығарып отыр.

3. Коби Брайант

Үшінші орынды баскетбол лигасының жұлдызы Коби Брайант иеленді. Биылғы маусымда Los Angeles Lakers көшбасшысы $61,9 млн. тапты.

4. Леброн Джеймс

АҚШ құрамасы сапында екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған баскетболшы Леброн Джеймс бір жылда $ 59,8млн. табысқа кенелді.

5. Дрю Бриз

$ 51 млн. тапқан америкалық футбол ойыншысы 5-орында.

6. Мария Шарапова

Нәзік жандылар арасында ең бай спортшы атағына ресейлік теннисші Мария Шарапова ие болды. Марияның жылдық табысы - $29 млн.

7. Серена Уильямс

Шараповадан кейін оның корттағы басты қарсыластарының бірі Серена Уильямс келеді. Оның тапқан қаражаты шамамен $20,5 млн. болады.

8. Ли На

Әйелдер арасында үшінші орынды да теннисші қыз иеленді. Аспанасты елінің өкілі Ли На $18,3 млн. ақша тапты.

9. Виктория Азаренко

Беларусь елінің теннисшісі Виктория Азаренко бір жылда $15,7 млн.-ға байыды.

10. Даника Патрик

АҚШ елінің өкілі, автошабандоз Даника Патрик $15 млн. табысымен әйелдердің үздік бестігін түйіндеп тұр.