Оған қоса, Мишель Обаманың елдің саяси өміріне белсенді атсалысып отырғаны айтылған, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Беделді ханымдардың тізіміндегі екінші орында американдық «Крафт Фудс» компаниясының басшысы Ирэн Розенфельд тұрса, үшінші орынды танымал тележүргізушісі Опра Уинфри иеленіп отыр.
Беделді ханымдардың «бестігіне» Германия канцлері Ангела Меркель мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон да кірген.