Мисао Окава мұндай дәрежеге өткен жылы бұған дейін әлемдегі ең кәрі адам саналған Дзироэмон Кимура 117 жасында өмірден өткеннен кейін ие болған. Марқұм Кимура да Жапонияның тұрғыны болып еді.
Қазіргі рекордшы кейуана 1898 жылы 5 наурызда дәстүрлі жапон кимоносын сататын дүкен иесінің отбасында дүниеге келген. Ұзақ ғұмырында ол 3 баланы өмірге әкелген. Олардың екеуі ұзақ ғұмыр кешудің үлгісі болып отыр. Нақтырақ айтсақ, Мисао Окаваның екі баласының жасы тоқсаннан асты. «Мен әрқашан дәмді тағамды көп жейтінмін, ұзақ өмір сүрудің сыры осында шығар. Әрине, тағы бір маңыздысы, ұйқыны қандырып демалу керек», - деді Окава журналистерге берген сұхбатында.