Әлемнің ең қарт миллиардері тағы үйленбекші

АСТАНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат - Австрияның 94 жастағы миллиардері Карл Влашек жуырда үйленетінін жария етті, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.

Billa супермаркеттері желісінің негізін салушы жасы келгеніне қарамастан, бесінші рет шаңырақ құрмақ.

Vienna Times-тің хабарлауын­ша, миллиардер әлдекімнің Рики Шенк есімді жесірін әйел еткелі отыр. Влашектің айтуынша, ол Шенкті қатты сүйеді және сүйікті­сін ана атандыруға қауқарлы. Ал қанша жаста екенін құпия ұстаған миллиардердің қалыңдығы болса өзінің сәби сүйе алатынына кү­мән­мен қарайды. Шенкте осы кезге дейін бала болмаған. Влашек болса - төрт баланың әкесі. Forbes-тің мәліметі бойынша, австриялық ірі супермаркеттер желісінің қожайыны 4,4 млрд евро болатын дәулетке ие. Ол - өз еліндегі ең бай адамдар тізімінің алғашқы үштігінде.