Джонс ресми түрде әлемдегі ең кәрі адам болып саналады.
Ол 1899 жылы 6 шілдеде дүниеге келген. Ал 2015 жылы 115 жыл 346 күн өмір сүрген соң Гиннесстің рекордтар кітабына енгізілді.
Джонстан ұзақ жасаудың сырын сұрағанда, ол: «Ұйықтау керек!» деп жауап берді. Көзі нашар көріп, құлағы нашар естігенімен, американдық қарт әжей төсекке таңылмаған. Оның жүз жиені бар. Американдық әжей 6 шілдеде туған күнін отбасы ортасында тойлады, ал 7 шілдеде достарымен және жергілікті шенеуніктермен атап өтпек.