Әлемнің ең қауіпті қалалары белгілі болды

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Мексикалық «Қоғамдық қауіпсіздік және әділдік үшін азаматтық кеңес» үкіметтік емес ұйымы ғаламшардың ең қауіпті 50 қаласын атады. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

РБК хабарлағандай, екінші жыл қатарынан рейтингте гондурастық Сан-Педро-Сула қаласы топ бастап тұр. Жыл сайын бұл жерде 100 мың тұрғынға 169 қасақана адам өлімі келеді.

Сарапшылар мексикалық Акапулько курортын екінші орынға қойды: бұл жерде жылына 100 мың тұрғынға 143 кісі өлімі тіркеледі. Венесуэланың астанасы Каракас қаласы қауіпті қалалар үштігіне енеді - 119 кісі өлтіру оқиғасы. Гондурастың астаналық округі және мексикандық Торреон бұл рейтингте сәйкесінше 4-ші және 5-ші орынға жайғасты.