Әлемнің ең қымбат қалалары анықталды

АСТАНА. Тамыздың   20-сы.  ҚазАқпарат -    Осло,  Копенгаген және  Цюрих қалалары әлемнің ең  қымбат қалалары    деп анықталды.


  Бұл туралы     швейцариялық UBS банкінің мамандары  жүргізген  зерттеуде  айтылып  отыр.  Олар     70 шақты   қаладағы  тауарлар  мен қызметтердің бағаларын  салыстырып  шыққан, деп  хабарлайды   «Маяк»  радиостансасы.

 Тізімнің  басында сондай-ақ, Женева,    Токио және  Нью-Йорк қалалары    да тұр.     Көш басындағы        бұл қалалардағы бағалар,   басқа қалалардағыдан 20 пайызға  жоғары.  Мәскеу  бұл рейтингте 56-ыншы орында.

 Сарапшылар  зерттеу  барысында сондай-ақ,   орташа  жалақының  қай қалада  жоғары екенін  анықтаған.   Бұл үштікке  Копенгаген, Цюрих  және  Женева қалалары кіріп  отыр.