Әлемнің ең қымбат қаласы аталды

None
АСТАНА.   Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат -  Осло -әлемнің ең  қымбат қаласы.     Британдық PriceRunner  компаниясының сарапшылары  осындай  қорытындыға келіп отыр.

 Сарапшылар    әлемнің  ірі 33  қаласындағы  бағаларды  салыстырған.    Олар    түрлі тауарлардың 26 аталымын,  оның ішінде  «Биг Мак»,  сүт, кітаптар, компьютерлер сияқты  тауарлардың бағаларын сарапқа салған.  Нәтижесінде, Норвегия  елордасында     бағаның  басқа қалалардағы орташа көрсеткіштен 35 пайызға жоғарылығы  анықталған.

 Бұл    рейтингте Осло     осымен үшінші  жыл  қатарынан      көш  бастап  келеді.  Мәскеу бұл тізімде  17-ші  орында  тұр,  деп хабарлайды РСН агенттігі.