17:07, 10 Маусым 2009
Әлемнің ең жайлы қалалары белгілі болды
МӘСКЕУ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат – Канадалық Ванкувер The Economist Intelligence Unit (EIU) жариялаған тұрмысқа жайлы қалалар рейтингісін бастады. Одан кейін Австрия астанасы – Вена тұр, үштіктің соңында австралиялық Мельбурн орналасқан,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.Әлемнің 140 қаласын қамтыған рейтингіні құрастыруда 30 әртүрлі өлшем ескерілді. Олардың ішіндегі бастылары ? инфрақұрылымның дамуы, қауіпсіздік, әлеуметтік тұрақтылық, денсаулық сақтау, білім және қоршаған ортаның тазалық деңгейі.
Ванкувер мен Мельбурн алғашқы ондыққа кірген өз елдеріндегі жалғыз қала емес, Канадан Торонто мен Калгари, Австралиядан Перт пен Сидней бар. Шағын альпілік Швейцариядан алғашқы ондықтан Цюрих мен Женева құрметті орын алып отыр. Париж бұл рейтингте 17-інде, Токио ? 19-шы, Лондон ? 51-ші, Нью-Йорк ? 58-ші орынға табан тіреді. Ресей астаналары Санкт-Петербор мен Мәскеу тиісінше 67-іші және 69-шы орындарға жайғасып, өте жайлы қалалар мәртебесіне жете алмай қалды.