Әлемнің оқу орындарындағы фи­лософия пәні мұға­лімдерінің 60 пайызы - әйел­дер

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат -  әдетте, нәзік жандылардың есімдерін философия және математика ғылым сала­лары­нан өте сирек кездестіретіндігіміз шындық.

Алайда ға­лым­дар мұны нәзік жандылардың ойлау қабі­летінің ерлерден өзгеше болуынан деп есептемейді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы. Бүгінгі заманға дейін Батыс ел­де­рінде де, Шығыс елдерінде де әйелдің ғылымға ден­деуіне ерік болған жоқ. Батыс елдерінде ғылым мен ой қуған әйелдерді «мыстан» атап, жаза­лайтын болған. Соған қарамастан, көптеген нәзік жанды фило­соф­тың есім­дерін атауға болады. Мысалы, ежелгі гректердің Гипатиясы әлемге та­нымал. Сондай-ақ тарихтан Анжела Де­вис, Бэлл Хукс, Донна Хараувэй, Юлия Крис­тева, Люс Иригарей, Рози Брайдотти, Адриан Пайпер, Сьюзанн Лангер, Ханна Арендт, Мэри Уолстонкрафт, Кристина Пизанская, Рената Салецл, Сьюзанн Сонтаг, Олимпия де Гуж Ас­па­сия Ипатия, Гертруда Гиммельфарб, Симона Вейль, Пиама Павловна Гайденко және Иза­белла Стенгерс сынды есімдерді кездестіруге болады. Бүгінде әлемнің оқу орындарындағы фи­лософия пәні мұға­лімдерінің 60 пайызы - әйел­дер.