5 шілдеде сағат 17.00 Бейбітшілік және Келісім сарайында әлемнің танымал сиқыршылары керемет гала-шоу ұйымдастырады. Ертең фестивальді балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен көп балалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балалар тамашалайды.
«Бұл ерекше шара, онда танымал әрі дарынды сиқыршылар бас қосады. Бұл жоба алдағы жылдары да жалғасын тапса екен деймін. Өйткені дүниежүзінде осы сияқты шара жоқ. Қазақстанда Астанада аталмыш жобаның игі дәстүрге айналуына тілектеспін, оның үстіне, шараны халықаралық деңгейге көтеру бойынша идеяларымыз да бар», - деді «Magic Astana» фестиваліне қатысушылардың бірі, сиқыршы Сергей Сафронов.
«Бүгін барша әлемге дүниежүзін таң қалдыратын сиқыршылардың біздің мемлекеттерде де бар екенін дәлелдемекпіз», - дед ол.
Сергей Сафроновтың айтуынша, көрермендер назарына ерекше думан ұсынылмақ. Нөмірлердің бәрі микро сиқырлықтан макро сиқырлыққа дейін бірнеше бағытта дайындалды.
Еске салайық, «Magic Astana» думаны Қазақстанда тұңғыш рет өткізіледі. Фестиваль қонақтары - ағайынды Сафроновтар, «Удиви меня» шоуына қатысушылар, дарынды сиқыршылар Александра Скачкова, Антон Абрашеков, Александр Муратаев пен Павел Карахтанов. Сондай-ақ, «Украинаның бірінші феномені» атанған Артем Тихевич, жоғары санаттағы қырғыз иллюзионисі Ильдар Ягофаров көрермендерді өздерінің өнерлерімен тәнті етпек. Ал голландиялық иллюзионистер «MagicUnlimited» бағдарламасын ұсынады.