Әлемнің тұрмысқа жайлы қалалары

МӘСКЕУ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат – Вена Жер үстіндегі тұрмысқа ең жайлы қала болып танылды.

Mercer Human консалтингтік компаниясының әлемнің 420 қаласынан жиналған тұрмыс сапасы мен жайлылығы жөніндегі мәліметтер негізіндегі жыл сайынғы зерттеулерінің қорытындылары осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап.2008 жылдың қорытындысы бойынша Цюрихты Австрия астанасы ығыстырғанына қарамастан, Тор50 кестесіндегі орын ауыстырулар онша көп емес. Бұл жолы Сингапур бұрынғы 32-інші орыннан 26-ыншы орынға көтерілді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қала жайлы болуымен қатар, инфрақұрылым сапасы жағынан да тартымды болып отыр. Тізімде Еуропа бұрынғыша алда келеді. Тор20 рейтингісінде 13 еуропалық қала бар, қалған жеті орында Канада мен Астралия және Жаңа Зеландия қалалары орналасқан. Американдық елді мекендер үшінші ондықтың соңында ғана тұр. 29-шы орынға АҚШ-тың қазіргі президентінің отаны болған Гавай аралдарының астанасы орнықты, 30-ыншы орында ? калифорниялық Сан-Франциско.Ресей астанасы 168-інші орынға орналасып, өмір сапасы жағынан Киев пен Санкт-Петербордан кейінде тұр. Мәскеу өмір сапасы жағынан Лаостың астанасы ? Вьентьян мен батысафрикандық Котону қалаларымен көршілес жайғасқан. Рейтингі қалалардағы жақсы инфрақұрылым, телефон және пошта байланысының қолжетімдігі, қоғамдық көліктің, халықаралық авиақатынас желісінің дамуы сияқты өлшемдер ескеріліп жасалған.