Әлемнің үздік садақшылары Астанада бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Құралайды көзге атқан әлемнің үздік садақшылары тамыздың соңында Астанада өтетін «Алтын жебе» турнирінде өзара бақ сынаспақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтулы сайыс 2018 жылдың 30-31 тамызында елордадағы «Қазанат» атшабарында өткізіледі. Ат үстінде садақ атудан өтетін «Алтын жебе» Халықаралық турнирі осымен екінші рет өткізілгелі отыр.

Әлемнің саңлақ мергендері бақ сынайтын сайыста Қазақстанның таңдаулы 7 садақшысы ел намысын қорғайды.

Турнирге Германия, Мажарстан, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея, Болгария, Румыния, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан елдерінің белгілі садақшылары келе жатыр.