Бұл жеңіліске дейін Дубайда өткен турнирде Новак Фелисиано Лопеспен кездесуде жарақат алып, ойынды аяқтамай алмаған еді. Осы орайда, статистикада Новак үшін бұл екінші жеңіліс деп жазылса, шын мәнінде таза жеңіліске осы маусымда бірінші рет тап болып отыр.
Осы турнирде Австралия чемпионатынан кейін, жарақатына байланысты турнирлерге қатыса алмаған, атақты маэстро Роджер Федерер де жарысқа түсіп отыр. Ол өзінің қарсыласы Гильермо Гарсия-Лопесті 6-3, 6-4 есебімен тізе бүктіріп, келесі айналымда Роберта Баутиста-Агуттың шеберлігін сынамақ.