Көш басында Испанияның «Реал» (Мадрид) клубы тұр. Сарапшылардың пікірінше, оның құны - 5 млрд 490 млн еуро.
Екінші орында тұрған Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы 5 млрд 427 млн еуроға бағаланған.
Үздік үштікті 4 млрд 984 млн еуромен Испанияның «Барселонасы» түйіндеп тұр.
Алғашқы ондықтағы командалардың басым бөлігі Англия премьер-лигасында ойын көрсетеді. Ал А сериясынан бір де бір клуб аталған рейтингке кірген жоқ.
Forbes нұсқасы бойынша әлемнің ең қымбат командаларының ТОП-10 тізімі:
«Реал» – € 5,5 млрд
«Манчестер Юнайтед» – € 5,4 млрд
«Барселона» – € 4,9 млрд
«Ливерпуль» – € 4,7 млрд
«Манчестер Сити» – € 4,5 млрд
«Бавария» – € 4,3 млрд
«ПСЖ» – € 3,8 млрд
«Челси» – € 2,8 млрд
«Тоттенхэм» – € 2,5 млрд
«Арсенал» – € 2,4 млрд.
Еске салсақ, бұдан бұрын Аргентина құрамасында оныншы нөмірлі жейде Мессиден кейін ешкімге берілмейтіні хабарланды.