Әлемнің ірі медиаресурстары Орталық Азияға қызығушылық танытып отыр – Балаева

Фото: Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Орталық Азия өңірі ірі халықаралық медиаресурстар мен интернет-платформалар үшін қызығушылық тудыратын салмақты ортақ нарықты қалыптастырып келеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты және жаһандық медиаалаңға бірлесіп шығу бастамасы туралы айтты. 

Министрдің айтуынша, Қазақстан халықаралық ресурстармен байланыс орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Мәселен, өткен жылдың тамыз айында біз Астанада Орталық Азия бойынша «Euronews»-тің өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойдық.

− «Euronews» командасы біздің халықтардың өнері, мәдениеті мен өмір салты туралы «Модерн номадс» телешоуын, «Орталық Азиядан шыққан дауыстар» тақырыптық сериясын – өңірдің белгілі қайраткерлерімен сұхбаттарды, ірі өңірлік іс-шараларды қамтитын «Фокус» репортаждарының бірқатарын көрсетуге кірісті. Біз Орталық Азияның барлық елдерімен ортақ тарихи және мәдени мұрамызды, сауда-экономикалық және туристік әлеуетімізді көрсетуге бағытталған бірлескен медиажобаларды жасау бойынша халықаралық әріптестерді тарту жұмысын жүргізуге ниеттіміз, - деді А. Балаева Астанадағы II Орталық Азия медиафорумында.

Айта кетейік, 16-17 сәуір күндері Орталық Азия бойынша медиа саласының мамандары Астанадағы форумда бас қосады. Форумға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ұлыбритания, Қытай, Қатар, Ресей және басқа да елдерден 700-ден астам делегат қатысып жатыр. 

Сонымен бірге Қазақстан мен Өзбекстан журналистері үшін баспасөз турлары өтеді.