«Қалада кешкі уақыттан бері толық тыныштық сақталуда. Атыстар туралы ақпараттар түскен жоқ. Мүмкін бір күн бұрынғыдай мерекелеу аясында бір-екі оқ атылған шығар», - деді Эззу.
Ал оқиға орнынан хабарлаған агенттік тілшісі әртүрлі мәліметтер бойынша содырлар әлі де қалып отырған шығыс кварталдарда автоматтардың легі естілген.
Өз кезегінде, операция штабындағы дереккөздің хабарлауынша, аумақта қалып отырған лаңкестер мен олардың отбасылары Алепподан келісімге сәйкес Рамус бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылатын болады. Олар үшін автобустар әзірленіп қойған.
«Қақтығыстар болып жатқан жоқ. Қазір барлығын егжей-тегжейлі келісіп жатырмыз», - деп атап өтті ол.
Бұған дейін Алеппоны лаңкестерден азат ету операциясы шырқау шегіне жеткен болатын. Соңғы екі күнде қаланың шығысындағы бірнеше квартал «тазартылды».
Фото: Exclusivepix Media / Zuma / Globallookpress.com