Шабуыл кезінде сондай-ақ университет профессоры Мұхаммед әл-Омар ауыр жараланды.
А.Хасун ұлының қаза болуына байланысты журналистердің сұрақтарына жауап қайтара отырып, елде дағдарыс еңсерілгенін, ал қазір болып жатқан оқиғалар сыртқы күштердің араласуынан екенін атап өтті.
Өкімет орындарының атап өтуінше, соңғы күндері жасырын бандылар зиялы қауым өкілдеріне шүйлігуде. Олардың құрбандарының арасында бірнеше дәрігер мен ядролық физика саласындағы сарапшы бар.
Ұлттық парламенттің мүшесі Халед Абдул бұл проблемаға түсініктеме бере отырып, елдегі жалпы бей-берекетсіздіктің салдарынан мұндай қылмыстар таяудағы уақытта көбейе түсуі мүмкін деген қаупін айтты. Оның пікірінше, лаңкестер ұйымдастырып отырған адамдардың көзін құрту шараларына шетелдік күштер дем беріп отыр.