«Биыл жас жазушылар және балаларға арнап шығарма жазатын қаламгерлер арасында байқау жарияланды. Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар әдебиетті шығару бағдарламасы бойынша жыл сайын шығарылатын кітаптардың 50 пайызынан астамын балаларға арнауды жоспарлап отырмыз», - деді министр.
Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, бұл жоспар бір ғана жылға емес, бесжылдыққа арналып отыр.
«Әрине, бұл – күнделікті жұмыс. Балалар кітабын байыту бойынша электронды каталогтарды да жасап жатырмыз. Балалар қызығатындай әр түрлі форматта кітаптар шығаруға күш салып отырмыз» деп түйіндеді сөзін Мәдениет және спорт министрі.