«Сөзсіз, мемлекеттік биліктің тиімділігі әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық және мемлекеттік-басқарушылық тиімділіктің негізінде қарастыру керек. Себебі осындай модельдің аясында мемлекеттік биліктің жүйесі өз функциясын атқарады және мақсатқа жету жолында нақты нәтижелерге жүгінеді», - деп атап өтті Н.Қалишева.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі заманғы Қазақстан үшін осы модель керек. Себебі осы модель арқылы мемлекеттік билік өзінің технологиялық және әлеуметтік тиімділігін көрсете алады.
«Болашақта бұл басқару модельдердің бірі «бастамашылық-резонанстық» модель болуы мүмкін. Оның қалыптасуына синергетикалық идеялар үлкен әсер етеді», - деді ол.