Олар Орталық демалыс және мәдениет саябағында тазалыққа бей-жай қарамайтын тұрғындарды анықтап, марапаттады.
Ұйымдастырушылар саябақта бос бөтелкелерді шашып тастаған. Түсірілім басталғаннан соң келушілердің көпшілігі қоқысқа мән бермегендігі анықталды.
«40 минуттай күттік. Ешкім қоқысты көтерген жоқ. 10 жастағы Жарас есімді бала қоқысты алғашқы болып жәшікке тастады. Балақайдың әрекетіне, алған тәрбиесіне риза болдық. Оны марапаттап, сыйлық беріп, суретке түстік. Алайда туған қаласының тазалығына немқұрайлы қарамайтын адамдар көбейді. 4 сағат ішінде10 шақты адамға сыйлық бердік. Әсіресе кішкене алматылықтар өте ерекше тазалық танытты. Мұны көріп жауапкершілігі мол азаматтар өсіп келе жатқанына көз жеткіздік», - деді Татьяна Ануфриева.
Оның айтуынша, мұндай акциялар экологиялық ахуалға қоғам назарын барынша аударуға ықпал етпек.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар саябаққа келгендерге LifeBag фирмасының экологиялық пакеттерін тегін таратты.
Түсірілген видеодан ұйымдастырушылар «Таза қала үшін» әлеуметтік ролигін жасап, қоғамдық орындарда, метро стансаларында, автобус ішінде көрсетуге ниет білдіріп отыр.