Министрдің айтуынша, заң жобасы бойынша жұмысын жоғалтқандарға әлеуметтік төлемдер уақыты да ұзартылатын болады. Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар аударылған адамдар үшін, сол сияқты аударымдары жоқ адамар үшін тегін консультациялар, кәсіби бағдар берулер жүргізіледі. Сонымен қатар, жұмыссыздарды стипендия төлеп, тұру және жолақы шығыстарын өтеуді қамтитын материалдық көмек шығындарын толық өтей отырып оқуға жіберу көзделеді. Жалақысын жұмыс беруші белгілеген еңбекақы мөлшерінің отыз бес пайызына дейін бір жылға субсидиялай отырып әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу қарастырылады. Егер адамның немесе отбасындағы әрбір мүшеге табысы белгіленген кедейлік шегінен аспасағ атаулы әлеуметтік төлемдер көрсетілетін болады.
«Ұсынылған әлеуметтік қолдау түрлерін алу үшін жұмыссыз адам мен жұмыспен қамту орталығы арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Онда мемелкет әлеуметтік қолдау ұсыну және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламаларына қатысуға жіберу міндеттемелерін өз мойнына алады. Ал жұмыссыз адам болса кәсіп иелену, жастар практикасына қатысу, әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істеуге міндетті болады», - деді министр Т. Дүйсенова.