Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы - үкіметтік емес ұйымдарды қаржылық қолдаудағы ұлттық оператор.
АБҚО-ның жедел, стратегиялық және жобалық қызмет бойынша шешімдер қабылдауда тәуелсізділікке ие бола отырып, оның алдына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін мемлекеттік және заңнамалық ресурсты жұмылдыру мүмкіндігі бар.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір таңдалған жоба қоғам үшін маңызды.
Шешім шығарылған күннен кейін АБҚО күнтізбелік жоспар мен қаржы көлемі жайында айқындау жұмыстарын жүргізді. Жеңімпаздар қатарында «Жас Ұлан» бірыңғай жастар мен балалар ұйымы, «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі сынды республикалық ұйымдармен қатар аймақтық ұйымдар бар. Сондай-ақ, сарапшылық комиссия ұсынысы бойынша қазіргі уақытта қоғамдық мониторингті жүргізу мен оның нәтижесі бойынша есеп беру әдістемесі жасалынып жатыр.
Гранттар бойынша жұмыс ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.
Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтар күні Азаматтық бастамаларды дамыту орталығы 2017 жылғы гранттарды үлестіру бойынша конкурсты жариялаған болатын. Осы жылы мемлекет гранттар саны мен гранттық қаржыландыруды да көбейтті. Егер 2016 жылы іске асырылған он бір жобаның жалпы сомасы 200 млн теңгені құраса, осы жылы гранттар қырық жеті тақырып бойынша, жалпы сомасы 617 млн 508 мың теңгені құрайды. Тақырыптар қоғамның бүгінгі күндегі ең маңызды мәселелерін қамтиды, нақтырақ айтсақ, балалардың құқығын қорғау, гендерлік мәселелерді шешу, қоғамның әлеуметтік қорғалмаған тап өкілдерін қолдау, азаматтық сектордың рөлін арттыру, қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты дамуты және дін бағытындағы өзекті мәселелер.
Гранттық механизмдер жобаларға олардың тиімділігі мен сапасына назар аударып, қаражаттың көлеміне қарамастан жеңімпаз атануға мүмкіндік береді. Бұл жүйеде жеңімпаз атану үшін демпинг жасап қажет емес. Сонымен қатар, гранттық қаражаттың 10%-ын үкіметтік емес ұйымның институционалды дамуына жұмсауға болады. Бұл гранттық қаржыландыру жүйесінің тағы да бір басымдығы болып табылады.
АБҚО өкілдері жобалардың іске асырылуы БАҚ беттерінде тұрақты жарияланып отыратындығына кепілдік берді.
Былтыр жастарға үнемі дем беріп, тың идеяларға қолғабыс етіп жүретін АБҚО 11 әлеуметтік жобаны іске асырған. Олардың ішінде іліп аларлықтары коррупциямен күрес, гендерлік теңдік пен қоғамдық кеңес қызметін координациялау жобалары бар. Сондай-ақ, 2016 жылы ортақ 111 сенім телефоны іске қосылды. Оған өзінің бірегей тырнақалды жұмыстарын жұртқа көрсетсем бе деген 29 мың азамат қоңырау шалған.. Сондай-ақ компания нарықтағы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жіті бақылап отырады.
Айта кетейік, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» 2016 жылдың ақпан айында құрылған болатын. Орталықтың басты міндеті мемлекеттік емес ұйымдарға грант бөлу мен олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады. Алайда, АБҚО жеңімпаздарды өздігінен анықтамайды, жеңімпаздар сарапшылық комиссия отырысында анықталады. Ағымдағы жылы ұйым 556 млн теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. Алайда, 5 тақырып бойынша қабылданған өтініштердің төмен сапасына байланысты жеңімпаздар анықталған жоқ.