«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау.
Ақмола облысының ауылшаруашылық, атап айтқанда сиыр және құс етін, сүт, жұмыртқа және өзге де өнімдерді өндірушілермен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселерерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым.
Әрбір өндірушімен делдалсыз ынтамақтаса отырып, әкімшілік кедергілерді жоямыз», - деп жазды қала әкімі.
А.Көлгіновтің айтуынша, азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді.
«Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығынның және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр. Отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды», - деді ол.