Жаңа жыл қарсаңында Халық Банкі Басқармасы төрағасының орынбасары Станислав Кособоков пен «Қазақстан Журналистер одағы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаев әлеуметтік тақырыпта қалам тартып жүрген жас авторларға арнаулы дипломдар тапсырды. Құрметті марапатқа «Әлеуметтік кеңес» аталымында бойынша Юлия Семилякова («Ошибка ценою здоровья» мақаласы үшін), «Әлеуметтік проза» аталымы бойынша Меруерт Ілиясова («Бақыт кілті» мақаласы үшін) және «Әлеуметтік лирика» аталымы бойынша Александр Стрельников («Я плагиата не приемлю...» өлеңдер топтамасы үшін) ие болды.
Жас журналистерді марапаттау рәсіміне қатысқан Банк басқармасы төрағасының орынбасары С.Кособоковтың атап көрсеткеніндей, «Халық банкі» үшін әлеуметтік мәселелер тақырыбы етене жақын. Өйткені банк бүкіл Қазақстан бойынша өз қамқорлығындағы балалар мекемелерінің тәрбиеленушілеріне білім беруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ олардың арасында дене шынықтыру мен спортты дамытуға ықпал етуге бағытталған бірқатар әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда.
«Ал бүгінгі шара журналистер қауымының әлеуметтік мәселелерге қызығушылығын арттыру болып табылады. Бүгінгі күні әлеуметтік мәселелер туралы жиі жазылады деуге келмейді. Себебі журналистер қауымы ақылы материалдар жазудың соңына түсіп кетті. Ал әлеуметтік тақырып, ең өзекті әрі маңызды болып табылады. Сондықтан да осы тақырыпқа қалам тартып жүрген жас журналистерді ынталандыру маңызды», - деп атап өтті өз сөзінде Қазақстан Журналистер одағының басшысы С.Матаев.