Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 195 млрд теңге жарна жиналды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қор басшылығы жыл соңына дейін бұл соманы 240 млрд теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізбілетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жүйесі іске қосылады. Жалпы, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапӘлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стратегиялық сатып алушы, медициналыққызметтердің бірыңғай төлеушісі болып белгіленген», - деді «Әлеуметтікмедициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов елордадаөткен жиында.

Қор басшысы соныменбірге жарна бойынша қанша соманың жиналғанын атап өтті.

«Жарналар туралыайтар болсақ, қазіргі таңда қорда 195 млрд теңге жинақталды. Жылдың соңынадейін медицинаға, яғни адамдарға бағыттауға болатын соманың көлемі 240 млрдтеңгеге жеткіземіз деп отырмыз. Әлбетте, мемлекет тарапынан да аз қамтылғансанаттардың 15 категориясы бойынша қаражат бөлінеді», - деді ол.

Еске сала кетсек,бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы бойынша дербестөлеушілердің саны шамамен 1 млн адамды құрайтыны хабарланған болатын.

«1 млн адамныңішінде 770 мың адам - өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар. Осыған байланысты,өңірлердің әкімдері 2019 жылдың 1 қазанына дейін өзін-өзі жұмыспен қамтығанадамдардың мәртебесін нақтылау, медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарынабекіту жөнінде қажетті шаралар қабылдауы қажет. Тегін медициналық көмектің жәнемедициналық сақтандыру жүйесінің жаңа пакеттерін енгізу бірінші кезектехалықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары үшін медициналық көмектіңқолжетімділігін арттыруға бағытталған», - деген еді Денсаулық сақтау министріЕлжан Біртанов Үкімет отырысында.


Соңғы жаңалықтар