«Қор қызметкерлерінің штат саны 2022 жылы 929 адам болды. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметіне 20 өңірлік филиалдың шығындарын қосқанда қоғамды дамыту жоспарының аясында 9 млрд 712 млн теңге жұмсалды», - дейді Сәбит Ахметов.
Сондай-ақ, ол аталған қаражаттың қалай игерілгеніне тоқталды.
«Бұл соманың ішінде еңбекке ақы төлеу, ғимарат жалдау, байланыс қызметі мен интернет ақысы, негізгі қаражат пен материалдық емес активтерге қызмет көрсету шығындары, техникалық-материалдық жабдықтар, іссапар шығындары, 1406 Call-орталығының шығыны, тәуелсіз сарапшылардың медициналық көмек сапасына мониторинг жасау қызметі және өзгелер кіреді», - деп жазылған жауапта.