Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Денсаулық сақтау, білім беру және бала бақшаларды салу секілді әлеуметтік нысандардың құрылысы қымбаттамауы керек. Біз әлеуметтік нысандар салуға қатысты түбегейлі өзгерістер жасайтын боламыз. Атап айтқанда, өңірлердегі нақты жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік нысандар құрылысының қымбаттауына жол бермеуі тиіс. Бұл үшін осындай нысандардың барлығын жергілікті бюджеттен қосымша қаржыландыру қажет», деді К. Мәсімов.