«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін», - делінген құжатта.
Еңбек және халықты қорғау министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, бұл жобаны қабылдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
«Жобаны қабылдаудың мақсаты – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп қалпына келтіру мақсатында өз қызметін ерікті негізде жүзеге асыратын Халықтың әлеуметтік осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл институтын енгізу болып табылады», - деп көрсетілген Жарлық жобасында.
Құжат 27 қаңтарға дейін көпшілік талқылауда болады.