Әлеуметтік проблемаларды шешуде коммерциялық емес сектордың әлеуетін тиімді пайдалану үшін заңнамалық базаны ара қарай жетілдіру керек

А. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әлеуметтік проблемаларды шешуде коммерциялық емес сектордың әлеуетін тиімді пайдалану үшін заңнамалық базаны ара қарай жетілдіру талап етіледі.

Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Азаматтық форум барысында Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, осы бағыттағы мәселелердің тобы 2012 жылға дейінгі Қазақстандағы адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарында белгіленген.

Бұл өз кезегінде адамның іргелі құқықтарын және барша қоғам мүддесін жүзеге асыруға бағытталған азаматтық қоғамның  барлық қатысушыларының жалпы күш-жігерінің нәтижесі екенін жеткізген ол, «бұл жоспарда қарастырылған шаралар ұлттық заңнаманы, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес қоғамдық қатынастар саласында  құқықтық пайдалану тәжірибесін ары қарай жетілдіруге атаулы әрі тиімді тетік болмақ», деді.