Бір ай ішінде қазақстандықтардан өзекті тақырыптарды қамтыған 600-ден астам сценарий келіп түсті.
Қазіргі уақытта барлық жұмыс қазылар алқасының қарауына берілді. Байқау қорытындысы 2018 жылдың қаңтар айында жарияланады.
Конкурсты Ақпарт және коммуникациялар министрлігі Astana Bank және Standart Life-пен бірлесе отырып ұйымдастырды. Бас жүлде - 1 миллион теңге және танымал режиссер Ақан Сатаевтың продюсерлігімен ролик түсіру мүмкіндігі.
Байқаудың ресми сайты: https://bestidea.kz/ .