«2019 жылы 19 тамызындағы мәліметтер бойынша, қормен келісімшарт бекіткен жеткізушікомпанияларға 630 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмектоптамасы аясында бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 71 пайызы», -деді ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.
2019 жылы ӘМСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетугеқұлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 889 млрд теңгенің келісімшартынбекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 пайыз артық.
«Жұмыс кестеге сайжүріп жатыр», - деді Ботагөз Жақселекова.
Биыл мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымыатсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.
Мемлекеттен тапсырыс алған жеке меншік клиникалар саныжағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбылоблыстары көш бастап тұр.