«Бұл заң жобасы «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» заңның ілеспе құжаты болып табылады. Осы арқылы әлеуметтік заңнамаларды жүйелендіру көзделеді. Бұдан бөлек, заң жобасын қабылдау, біріншіден, әлеуметтік заңнамалардың нормаларын Мемлекет басшысы айқындаған әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарымен сәйкестендіреді. Соның ішінде, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясының міндеттері қамтылады. Екіншіден, қолданыстағы заңнамаларға бірдей ең төменгі стандарттарды белгілеп, бірыңғай ұғымдар енгізіледі. Осылайша, азаматтарға кепілдендірілген әлеуметтік көмектер берудегі бірыңғай құқықтық тетік қалыптасады. Үшіншіден, әлеуметтік саланы реттеуде бірыңғай қадамдар қамтамасыз етіледі», - деді Мәжіліс депутаты Светлана Ферхо.
Құжат арқылы 11 заңнамалық актілерге, 4 кодекске, 7 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
Тұтастай алғанда, заң азаматтардың мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік құқықтарды орындаудың бірыңғай тетігін құрады.
Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.