Бұл туралы бүгін Астанада «Әлемдік дағдарыс жағдайындағы әлеуметтік қамсыздандыру: заман талабына ұлттық көзқарас» атты тақырыпта өтіп жатқан халықаралық конференция барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, қазіргі таңда азаматтарды жұмыспен қамтуда ең үлкен үміт артылып отырған шара «Жол картасы» бағдарламасы. «Аталмыш бағдарламалар бойынша біз мамандарды қайта дайындап жатырмыз. Сонымен қатар биылдан бастап, индустриялық-инновациялық саясат бойынша үлкен 147 жоба іске қосылады. Сол жобаларға жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін азаматтарды тарту болып отыр», деді министр.