Әлеуметтiк төлемдердi жоғарылату үшiн қосымша 53,4 млрд. теңге бөлiнедi - Т. Дүйсенова

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi елдегi барлық әлеуметтiк төлемдердiң көлемiн жоғарылату мақсатында Парламентке жаңа заңның жобасын енгiздi.

Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Еңбек және әлеуметтiк қорғау министрi Тамара Дүйсенова мәлiм еттi.

Министрдiң айтуынша, 1 сәуiрден бастап, барлық әлеуметтiк төлемдердiң көлемi артатын болады.

Бiз депутаттардың қарауына жiберген әлеуметтiк пакеттер елiмiздегi әлеуметтiк жағынан қорғалмаған азаматтардың барлық санаттарын қамтиды. Бюджетте қарастырған сома 53,4 млрд теңге. Оның iшiнде 51,3 млрд. теңгесi республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларға жұмсалады, қалған 2,1 млрд. теңгесi жергiлiктi билiк органдарына балаларға арналған төлемдерге, аз қамтылған отбасыларға атаулы көмек көрсету үшiн мақсатты трансферттер ретiнде бөлiнедi", - дедi министр.

Т.Дүйсенованың хабарлауынша, еңбек зейнетақылары 14 пайызға, негiзгi және балаларға арналған төлемдер 12 пайызға көтерiледi.