Әлеуметтік төлемнің артуы ЖІӨ-ге кері әсер етпейді – Ұлттық экономика министрлігі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің директоры Асқар Жапарқұлов әлеуметтік төлемдердің артуы жалпы ішкі өнімнің көлеміне қалай әсер ететінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықкоммуникациялар қызметінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының 2019жылғы қаңтар-маусымдағы даму қортындылары жарияланды.

Министрлік өкілі АсқарЖапарқұлов айтуынша жалпы ішкі өнім көлемі 4,1 пайызға өскен. Ал инфляция өсімі5,4 пайызды құраған.

«Көптеген адамдаринфляция өсімінің бұдан әлдеқайда жоғары екенін айтуы мүмкін. Біз жалпыжекелеген бағалар бойынша емес, ортақ көрсеткішті алып отырмыз. Тұтыну себетінде510 тауар бар. Соның бәрін санағанда осындай ортақ сан шығып отыр», - деді ол.

Департаментдиректорының айтуына қарағанда, жыл басынан бері әлеуметтік бағдарламаларғабасымдық беріліп, төлемдердер мен өтемақылар көлемі артқанымен, бұл Жалпы ішкіөнімге кері әсер етпеген.

«Әлеуметтіктөлемдердің артуы Жалпы ішкі өнімнің көлемін көбейтпесе, кемітпейді. Өйткеніхалықты табысы артып, күнкөріс деңгейі көтерілсе, өнімділік те артады.Сондықтан, әлемуеттік төлем ЖІӨ-ді азайтады деген түсінік болмауы керек», -деді Асқар Жаппарқұлов.

Оның айтуынша, негізгікапиталға салынған инвестиция көлемі 11,7%-ке ұлғайған. Оның мәліметінесүйенсек, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активі 0,3%-ке өсіп, 58,2 млрд АҚШдолларына дейін көбейген.

«Қазақстан экономикасындағыөсу динамикасы құрылыстағы (11,1%-ке), саудадағы (7,5%-ке), көлік саласындағы(5,3%-ке), ауыл шаруашылығындағы (3,8%-ке), өнеркәсіптегі (2,6%-ке) жәнебайланыстағы (1,7%-ке) өсім есебінен қамтамасыз етілді.

Ал өнеркәсіпөндірісінің көлемі кен өндіру өнеркәсібіндегі шығарылымының 2,1% дейін ұлғаюына байланысты 2,6% өсті. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс биылғы 1-тоқсанында1,6% - тен 3,4% дейін жеделдеді.

Саладағы оң серпінфармацевтикалық өнімнің 19,5%-ке, жеңіл өнеркәсіптің - 16,7%-ке, сусынның –15,8%-ке, машина жасаудың – 13,4%-ке, мұнай өңдеу өнімінің – 8,6%-ке, ағашбұйымның 5,8%-ке және металлургия өнеркәсібінің 1,5%-ке ұлғаюы есебіненқамтамасыз етілді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар