Бұл жайлы бүгін ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин Алматыда «Сандж» зерттеу орталығының салық төлеушілер арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысына арналған дөңгелек үстел жиынында айтты.
«ҚР Салық төлеушілер қауымдастығының тапсырысы бойынша бұл әлеуметтік зерттеу 4 жылдан бері жүргізіліп келе жатыр. Мұны тәуелсіз сарапшылар жасайды. Оның қорытындысын біз де өз қызметімізге пайдаланамыз. Үкіметтен қазіргі заманғы халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашуға қаржы бөлінген болатын. Өткен жылы олардың төртеуі пайдалануға берілді, биыл тағы 5 орталықтың құрылысы аяқталмақ», - дейді Дәулет Ерғожин.
Салық комитеті төрағасының айтуынша, биыл қызмет көрсету орталықтарындағы кезекке тұру уақытын түбегейлі өзгертуге ерекше көңіл бөлінбек. Бірқатар салық органдарының 1990 жылдардан бері компьютерлік техникалары жаңартылмаған. Осыған орай биыл алғашқы тоқсанда оларға жаңа құрылғылар орнатылмақ.