Сауалнамаға қатысқандардың 71,3 пайызы судьялар жұмысына қанағаттанушылық білдірген. Бұл - елімізде заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды көрсеткіштердің бірі.
Еуропа Одағының Венециялық комиссиясы 2015 жылы Орталық Азия елдерінің сот жүйелеріне шолу жасай отырып, Қазақстандағы сот реформаларын ерекше атап, аймақтағы басқа елдерге үлгі ретінде ұсынды.
Сонымен қатар, 2016 жылы Жоғарғы Сот жүргізген онлайн-сауалнамаға қатысқандардың 77,3% сот сатыларын оңтайландыру сот төрелігінің тиімділігін арттыруға септігін тигізді деп есептейді.