«Форумның мақсаты - танымал әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушыларының әлеуетін арттыру, мемлекеттік бағдарламаларды, әсіресе Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыруға және алға бастыруға тарту. Instagram-да немесе Facebook-та өз аккаунтын оқырмандарына арналған тартымды да мазмұнды материалдармен белсенді толтыратын пайдаланушылар біздің қызығушылығымызды тудырады»,- дейді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов.
Басқарма танымал блогерлердің және белсенді өмірлік ұстанымы бар, интернет-кеңістікте өз көзқарасын білдіретін жастар өкілдерінің тізімін қалыптастыруда.
300 мыңнан астам жазылушысы бар Павлодардың жалғыз блогері @_kristina_russinovich жарқын мысал бола алады. Оның аккаунтының басты бағыты - #фудблогинг.
Ернұр Дәуеновтің айтуынша, форум блогерлердің қоғамдағы әлеуметтік-саяси үдерістерге көзқарастарын өзгертуге, бағдарламалық мақсаттар туралы түсініктерін кеңейтуге, интернет-кеңістікте жаңғырту үрдістерін неғұрлым белсенді түсіндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушыларға мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың және бірлескен жұмыстың жаңа және қызықты әдістері ұсынылатын болады.
Іс-шараға белгілі қазақстандық блогерлер қатысады. Ұйымдастырушылар Павлодар облысының барлық тұрғындары үшін әлеуметтік желілер арқылы қоғамдық сананы жаңғыртудың идеяларын таратушылары болатын интернет кеңістіктің неғұрлым креативті, талантты өкілдерін анықтауды жоспарлап отыр.