«Менің өзім әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданамын. Твитердегі парақшамды өзім жүргіземін. Сондықтан әлеуметтік желілердің бұғатталатыны жайында білген емеспін. Әрине, құқық қорғау органдарына тиісті тапсырма берілетін болады», - деді ҚР Президенті БАҚ өкілдерінің кешке қарай әлеуметтік желінің бұғатталуына қатысты қойған сауалына орай.
Дегенмен Мемлекет басшысы әлеуметтік желі деструктвті мақсатта, халықты арандатушылыққа шақыруға, оның үстіне адамдарды бір-біріне айдап салуға қолданылмауы тиістігін баса айтты.
«Интернет әбебап дүние. Біздің өміріміздің шынайы мәніне айналып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.