«Бұл оқиға Ілеауданының Байсерке ауылындағы жеке меншік балабақшада болған. Қазіргі уақыттааудандық комиссия құрылды. Онда әкімдік, білім беру бөлімі және басқа да органдардыңқызметкерлері аталған жағдайды жан-жақты тексеретін болады. Балабақша басшысы мен жұмыс ауысымында болған қызметкерлерден түсініктемеалынуда. Ата-аналармен әңгіме жүргізілуде. Барлық жағдайлар комиссияның жұмысыбарысында нақтыланатын болады. Тексеру қорытындысы бойынша тиісті шараларқабылданады», - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел.
Естеріңізге салакетейік, шілде айында Талдықорғандағы жеке меншік балабақшада осыған ұқсасжағдай болған. Тәрбиеленушілеріне қол көтерген тәрбиешінің үстінен ҚР ҚК 141- бабынасәйкес қылмыстық тергеу басталғанын хабарлаған болатынбыз.