Instagram парақшалардың бірінде жас жігіттің қасақана заңға қайшы әрекет жасаған бейнежазбасы назарға ілікті. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, қасындағы достарымен бірге полицияға жеткізілді.
Жас жігітке қатысты ҚР ӘҚБтК 364-бабының 1-тармағының 1-бөлігі бойынша ескерту берілді. Оған қоса ҚР ӘҚБТК-нің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.
«Қала тұрғыны кінәсін толық мойындап, жасаған әрекеттері үшін өкініп, алдағы уақытта мұндай бассыздықтарға жол бермейтінін жеткізді. Бұл әрекеттерді әлеуметтік желіде белсенді болу үшін жасағанын айтты», - деп жазды құзырлы органнан.