«Әлеуметтік желілерде Алматыда коронавирус инфекциясы тіркелсе, жоғары дайындықты қамтамасыз ету шаралары туралы қала әкімінің бұйрығы бар деген ақпарат тарап кетті. Біз таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде хабарлаймыз. Бұл – жалған. Сонымен бірге, қалада COVID-2019 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы белсенді жұмыс жүріп жатқанын мәлім етеміз. Қазіргі уақытта мегаполистегі жағдай тұрақты. Коронавирус тіркелген жоқ», - деп жазды әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов Instagram -да.
Сонымен қатар, ол азаматтарды ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануға шақырды. Анықтама үшін 1406 Call-орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
«Алматы қаласы әкімдігінің қоғаммен байланыс қызметі үнемі күнделікті жағдай туралы хабарлайды. Алматыда коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі аймақтық штаб жұмыс істейді. Күшейтілген санитарлық-карантиндік бақылау шаралары жүзеге асырылуда. Қаладағы жағдай бақылауда», - деп атап өткен ол.