Әлеуметтік желіде ұлтаралық алауыздық тудырған Петропавл тұрғынына үкім шықты (ФОТО)

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда қалалық сот әлеуметтік желіде ұлтаралық алауыздық тудырған Петропавл тұрғыны А. Алханашвилиге қатысты үкім шығарды.

Оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бұл туралы облыстық прокуратура брифингінде облыс прокурорының орынбасары Арай Әлімов хабарлады.

«Бүгін Петропавл қалалық соты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Петропавл тұрғыны Алханашвилиге 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Ол әлеуметтік желіде ұлтаралық және діни алауыздық тудыратын түрлі арандатушылық материалдар таратқан. Оның жасы 20-да», - деді Әлімов.