Жүйе шынайы уақыт режімінде қысқаша хабарламалары сканерлеп, олардың шынайылығын айқындай алады. Таңғалдыратыны, жүйе ақпараттың түріне қарай оны жалған мәлімет, көрінеу жалған, алыпсатарлық және т.б. санаттарға бөледі.
Шеффилд университетінің қызметкері Калина Бончеваның айтуынша, бүгінде халық интернетте айтылғандардың барлығына сеніп қалады, сондай жағдайда Pheme ақпараттың шынайылық дәрежесін анықтауға, алданбауға жәрдемдеседі.
Жүйені аяқтау үшін мамандарға 18 айдай уақыт және $6 млн. қаражат қажет екен.
Соңғы уақытта Интернетте беделді баспаларға бұзып кіріп, көрінеу жалған ақпарат орналастыратын виртуалдық бұзақылар пайда болды. Pheme жүйесінің болуы осындай өкінішті түсінбестіктің алдын алуға жәрдемдеседі, деп жазады Росбалт.