«Біз күдікке ілінгендердің (Facebook пен Instagram арқылы сауда жасағандардың) басым бөлігін шақырттық. Олардың көбі алматылықтар - ол жақта барлығы Instagram-да отырады, сауда жасайды. Оларға барлығын түсіндірдік, 100 пайыздың ішінде 95 пайызы жеке кәсіпкер, олардың барлығы қазір салық төлейді», - деді Д.Ерғожин.
Оның хабарлауынша, «Қазпошта» онлайн-сауданың жаңа платформасын жасап шыққан.
«Ол жерде барлығы біздің жүйелермен байланыстырылған. «Қазпоштада» істейтін адам, тіркелуі қажет және салық төлеуге тиісті. Төлем қолма-қол ақшасыз жүргізілетіндіктен, барлығы ашық жүргізіледі, егер тұтынушыға тауар ұнамай, оны қайтаруды шешсе, оның қолында кепіл ететін құжаттары болады. Instagram-да өзіңіздің құқығыңызды қалай қорғайсыз? Ол ертең аккаунтын өшіре салады, бітті!», - деп жалғады Д. Ерғожин.
14:35, 10 Тамыз 2016
Әлеуметтік желідегі саудагерлердің 95 пайызы салық төлеуге міндеттелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде саудамен айналысқандардың 95 пайызы салық төлеуге міндеттелді. Бұл туралы бүгін тілшілерге берген сұхбатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин мәлім етті.