Алматыдағы Әл-Фараби көшесіндегі үлкен көлік кептелісі туралы бейнеролик Инстаграм ztb_kz танымал желісінде пайда болды, осы маңдағы зәулім ғимараттан түсірілген қала көшелеріндегі мыңдаған автомобильдер шамдары өзгеше әсер қалдырады.
Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде қалада көптен тұратындар үшін бұл көрініс таңсық емес екенін айтады. Белсенді көлік ағыны жағдайында өмір сүруге алматылықтардың еті үйреніп кеткен. Кейбір қазақстандықтар бейнероликтегі талқылауда қоғамдық көлікке көшуге және жаяу жүруге үндейді.