Әлеуметтік желілерде «28 панфиловшылар» фильмінің трейлері жарыққа шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде «28 панфиловшылар» туралы кинокартинаның трейлері жарыққа шықты.

«28 панфиловшылар» Андрей Шальопаның көркем фильмі. Фильм түсірілімі «Ленфильм» киностудиясының павильонында 2013 жылдың 4 қазанында басталған. Кейбір эпизодтары Алматыда түсірілді. Кино 2016 жылдың басында прокатқа шығады деп жоспарланған.