Борыш жүктемесін азайту мәселелері бойынша азаматтардың көптеген өтініштерін ескере отырып, аталмыш министрлік халықпен сындарлы диалог құру үшін арнайы аккаунт-алаңдарын құрды.
Осы тақырып бойынша сұрақтары бар азаматтар өзекті ақпаратты Facebook-тегі (https://www.facebook.com/Всё-о-снижении-долговой-нагрузки-103633851027565/) және Instagram-дағы (https://www.instagram.com/p/B2O33d9Ag_U/?igshid=1a5ciudmyf0wk) «Бәрі борыш жүктемесін азайту туралы» аккаунттарында ала алады.
Бұған дейін хабарланғандай, борыш жүктемесінің төмендеуіне үміткер азаматтар өз мәртебесін келесідей тексере алатыны белгілі:
- Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Еңбекмині) ресми интернет-ресурсындағы https://www.enbek.gov.kz/ru/node/363149 сілтемесіне ЖСН енгізіп, сұрау жіберу арқылы;
- Электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан «Борыш жүктемесін азайту бағдарламасына қатысу үшін мәртебені тексеру» электрондық сервисінің көмегімен. Ол үшін ЭЦҚ қажет болады;
-ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін call-орталықта 111, 74-32-20, 75-01-79, 75-01-78 телефондары бойынша консультация алу;
- Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну арқылы.
11 қыркүйектен бастап қазақстандықтар мемлекет есебінен қарыздар мен микрокредиттер бойынша берешекті өтеу мүмкіндігі туралы консультацияны:
- Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан;
- «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ және оның филиалдарынан;
- Облыстардағы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінен ала алады.